жануарлардың ерекше заттарды-секреттерді түзіп, бөліп шығаратын мүшесі. Бездер сыртқы секрециялық (экзокринді), ішкі секрециялық (эндокринді) жəне аралас бездер болып бөлінеді. Бездер бір торшалы без (Мысалы, ас қорыту жолы эпителийінің, тыныс жəне жыныс жолдарының секреторлық торшалары) жəне көп торшалы-түтікше без (тер бездері), альвеолалы немесе көпіршікті без (май жəне сілекей бездері) болып бөлінеді. Секрет бөлу ерекшелігіне қарай мерокринді без (секрет толассыз түзіліп, тоқтаусыз бөлініп отырады – сілекей жəне сүт бездері), апокринді без (сөл бөлу кезінде торшаның секрет жинақталған бөлігі үзіледі, Мысалы, тер бездері), голокринді без (сөл бөлу үстінде секретпен толған торша толық бұзылады, Мысалы, май бездер).