Білу

lat: Bilý

Біл етістігінің қимыл атауы. 1. Бір нәрсе жайында хабардар болу. Ал көп б і л у үшін көп оқып, көп үйрену керек деген сөз жазулы тұр (С.Бақбергенов, Біздің колхоз). Арзан не бар, ойнау менен күлуден, Қымбат не бар, адам сырын б і л у д е н? Мен әуремін өз сырымды б і л у м е н, кеше бұзып, өкінемін бүгін мен, Жылдарымды еске аламын бүлінген (М.Мақатаев, Жырлайды жүрек). 2. Әдістәсілімен меңгеру. Әрі асыл жүнді, әрі өсімтал мал қолына тиді. Тек бағу, күту, бабын б і л у керек (С.Бегалин, Төлбасы.). Көмірді таза, әрі ысырапсыз ала б і л у керек деді Сергей Петрович шылымын тартып (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).