Білдіру

lat: Bildirý

Білдір етістігінің қимыл атауы. 1. Көрсету, сездіру, байқату. Ол осындай әңгіменің үстінде өзінің әкелік үстемдігін б і л д і р у үшін Жанайға өстіп кекесінмен мәнсіз жымиып қойып сөйлесетін (С.Мұратбеков, Көкорай). 2. Айтып жеткізу, үйрету. Б і л д і р у білмегенге білгенімді Өзімнің деп білемін зор міндетім. Мен жүрмін жиһан кезіп, халық аралап, Жүруге күн болар деп жалығатын (М.Дулатов, Шығ.).