Білікті

lat: Bilikti

с ы н есім. 1. Әр нәрседен жан-жақты түсінігі бар, білімді. Сырт естуімше, Сәтімбай осы колхозды өз қолымен құрысқан, ағайын арасында абыройлы, шаруа жайына майталман б і л і к т і адам (С.Шаймерденов, Мезгіл). Жауғашар мұны айтқанда өзін көпті көрген қария, б і л і к т і данышпан қылып көрсеткісі келіп айтады (Б.Майлин, Шығ.). // Білімді, жан-жақты түсінігі бар адам. Б і л і к т і д е н сөз алған, Ақыл сұрап жол алған, Шешен де келді ол тойға (Батырлар жыры). 2. Кәсіби білімі бар. Әсіресе, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып, онда б і л і к т і мұғалімдердің баруына, білім сапасын жақсартуына күш салу қажет («Егемен Қазақстан»). 3. Көпке әйгілі, танымал. Чинмачин деген шаһарда саудамен күн көретін бір адам болыпты. Халқына да б і л і к т і екен (И.Байзақов, Шығ.). Жиында бар Индияның әдебиет пен өнер майданындағы б і л і к т і адамдары отыр деп біліңіздер (М.Әуезов, Индия очерк.). Өз әнін автор өзі орындап та жүр, оның әндерін республикамыздың б і л і к т і әншілері де айтады («Қаз. әдеб.»). 4. Ақылды, тәрбиелі, өнегелі, парасатты. Енді балалық өмір қалып, б і л і к т і адам болатын кез жетті (Быдырбекұлы, Шайтан.). Байыр осылардың бәріне бүгін назар сала қарап, ақылға ақыл қосар б і л і к т і әрі сенімді адам деп отыр (М.Дүзенов, Ант). Болғалы тұрған б і л і к т і сөз бен салиқалы бәтуаны тыңдасын деген (Д.Досжанов, Жібек.). Тіпті бала тапқан әйелдің бәрін ана деп аспандатпай, шешесі деп қана атайтын болған. «Ана» деген қасиетті атауды ауылдың, елдің анасы болған б і л і к т і әйелдерге ғана лайықтаған (Қ.Жұмаділов, Атамекен).