з а т е с і м. 1. Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т.б. жиынтығы. Б і л і м адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым т.б. Күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, б і л і м н і ң пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам (Абай, Шығ. жин.). Ғылымда мұны «соқыр сезім» дейді, Оны айтқан ғылым - соқыр, онда, оңбайын. Меңіреуден Мақсұт, б і л і м шығад деп, Бүтін әлем айтса да мен нанбайым (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Білімдінің сөзі - ем, Мейірімі көп, етек кең! Жұртына мақтаулы, Сыбаға сақтаулы, "Пәлі!" деп қарсы алар, Іс қылар тежеп, Жан жүрек өжет Бет келгенді арсалар. Қайда барса сыйымды, Б і л і м і мол - бұйымды! (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Оқу, үйрену арқылы алынатын (келетін) дүниенің қандай да бір қыр-сыры туралы түсінік (таным). Б і л і м н і ң қиқымы бейне бір суда жүзген жеміс, бес бармақты батырып, шеңгелдемесең, уысыңа түк ілінбейді, іліксе де, аз келеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Үйрен б і л і м жастықта, Білмесең жанға қастық та! Б і л і м г е шөгір Жоқ үйден түңіл Ерікке қоймай ентелеп (М.Жұмабаев, Шығ.). - Оқы, б і л і м алып тезірек қайт деді ол бір сөзінде Есіркегенге,сендердей көзі ашық азаматын күтіп отырған елдерің бар (І.Есенберлин, Қаһар). Енді аз күнде мектептерінде оқу басталады, жаңа кітаптар, тың пөндер оқиды, б і л і м алады (С.Бегалин, Төлбасы.). 3. Кәсіби біліктілік, мамандыққа қатысты ұғым, деректер жүйесі. Осы бағдарламаны енгізу барысында жүйелі жұмыстар, оның ішінде дәрімен толық қамтамасыз ету, емдеудің жаңа әдістерін игеру, дәрігерлердің б і л і м і н көтеру, компьютерлік техниканы енгізу сияқты жұмыстар іске асырылады («Жас Алаш»). 4. Қандай да істі жүзеге асыру жолдары мен әдіс-тәсілдерінің жиыны. Оқушылар түрлі тәжірибе, байқаулар жүргізіп, нақты б і л і м дағдыларына үйренеді («Халық мұғ.»). Расында, заводта Алжановтан басқа тәжірибесі де, б і л і м і де мол инженерлер көп, соларды неге ұсынбады екен? (З.Шашкин, Теміртау). Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын, Өнер қажет, б і л і м қажет сол үшін. Қарт күрсінді: ұлым, желік қуыпсың! (М.Шаханов, Ғасырлар.). 5. Белгілі бір сала (мәселе) туралы арнайы мәліметтер жиыны (жүйесі). Талпына берсе, керекті б і л і м құралдарын толық жинап ала алса, түбінде сыншы болулары да мүмкін (С.Сейфуллин, Шығ.).