а) п е д а г о г и к а л ы қ. Тиісті оқу орны арқылы ғылыми маглұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Б і л і м б е р у оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады (ҚҰЭ). Еліміздегі б і л і м б е р у жұмысы отансүйгіштікке баурауға, республиканың қоғамдықсаяси, экономика және мәдени өміріне қатысуға, жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған (ҚҰЭ). Мектепті үздік бітірген оқушылардың 20 пайызына жуығы 40 балл жинай алмады. Бұл дегеніңіз, мекептердегі, әсіресе ауылдық мектептерде білім деңгейінің төмендігін, оқытушы-ұстаздардың балаға жүйелі б і л і м б е р у д е «жүрдім-бардым» қарайтындығын көрсетеді («Түркістан»). Соның негізінде жоғары оқу орындарына студентті қабылдау ережелері түбегейлі өзгеріске ұшырады және жоғары кәсіби білімі бар мамандарды мемлекеттік б і л і м б е р у тапсырыстары негізінде дайындау жүйесі іске қосылады («Түркістан»). ә) қ о ғ.-ә л е у м. Қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Б і л і м б е р у ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Іске асырылатын б і л і м б е р у бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекеттік б і л і м б е р у стандарттары және тестілеу орталығы ашылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан 1999 жылы 24 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының студент контингентін қалыптастырудың жаңа моделі» дайындалып бекітілді («Түркістан»).