Бір жағынан

lat: Bir jaǵynan

Оған қоса, сонымен бірге.

Ауылдық советтің председателі бір жағынан партия ұйымының хатшысы еді (З.Шашкин, Өмір.).

Тезегін қымтап, ... қазық қағып үйін бастырып, әйелдер шулап, бір жағынан балалар жылап, ауыл әбігершілікке ұшырады (С.Әбішев, Аспан сыры).

Бір жағынан апамды жеңге тұтып еркелесе, екінші жағынан мен ұқпайтын тағы бірдеңені жұмбақтай сөйлеп, екіленіп отыр (М.Дүзенов, Ақәже).