Бір жетілік

lat: Bir jetilik

а) Бір жеті, бір жұма. Қараменді ауырмауға тиісті, б і р ж е т і л і к үзіліс бұл семья тіршілігіне бір ай қоңылтаяқтық әкеледі (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.). Оның да әскерінің жоқ ед қаны, Жетуші ед б і р ж е т і л і к жерге шамы. Отыр ед ертелі-кеш тілеп хақтан, «Тұранның атады, деп, қашан таңы» (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). ә) Бір апта болған. Сосын қосшы жігіт аузының қызыл пешеті бұзылмаған нәнбай б і р ж е т і л і к арақты шығарып, Жаналының алдына қойды (Б.Аманшин, Көкжар). б) Көп емес, бір аптаға жететіндей. Оның ғұмыры бірер ж е т і л і к қана (М.Дүзенов, Ақәже).