Күндердің күнінде, бір уақытта, әйтеуір бір кезде. Осылай зарығып, сарғая күтіп, Омар аулына қарап қойып жүргенде, б і р к ү н і бір топ салт атты сау ете қалды (Б.Тілегенов, Аққайнар). Байғұс ешкі бәріне көнеді, Бәрін де көрді, Жылы сөз бірақ ас бола ма? Ешкі б і р к ү н і аштан өлді (А.Тоқмағамбетов, Сайра. бұлбұл). Шанышқыдай жыр тілі, Айттым сатан бірер сын. Көп иілсең б і р к ү н і, Сынып кетіп жүрерсің (С.Сейітов, Бетпе-бет). Қу тілменен құтыртып, Кетер б і р к ү н отыртып, Қызмет қылған кісісін Құрытуға таяйды (Абай, Тол. жин.). Ірімшікті құдайым Кез қылды бір к ү н қарғаға. Алып ұшып барды да, Қонды бір биік ағашқа (Абай, Тол. жин.).