ш ы л. Алайда, әйтсе де, дегенмен деген мағынадағы көмекші сөз. Аудан есікті кең ашты, б і р а қ алғашқы бетте-ақ Жомарт аудан басшыларының кейбіреуінің көңіліне ылғал салды (Ғ.Мұстафин, Миллионер). Жабай: атты жақсы мінетін, киімді жақсы киетін, үй ішін таза ұстайтын, б і р а қ мал жимайтын адам болады (С.Мұқанов, Менің мект.). Сақыш бұл екі келіншектің сөзіне араласа алмайды, б і р а қ әңгімелерін жаратпай бет-аузын тыржың еткізіп, теріс айнала берді (М.Дүйсенов, Гүлжан.).