Бірде

lat: Birde

ш ы л. Кейде, кей кезде, біресе деген мағынадағы қарсылықты кезектестікті білдіретін көмекші сөз. Арғымақ б і р д е жалды, б і р д е жалсыз. Ер жігіт б і р д е малды, б і р д е малсыз (Ө.Тұрманжанов, Қаз. мақал-мәтел.). Ақ түтек қар арасынан б і р д е сұр шинель, б і р д е найза ұшы қылт-қылт етеді (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Атыстың да берекесі қаша бастады. Б і р д е тасырлап жиі атылса, б і р д е сиреп барып жалғыз оқ тарс етеді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).