Бірге

lat: Birge

ш ы л. Қатар, қабат. Сәттібек ауылдарымен б і р г е отыратындарының азғана жылқылары жүйрік болады (С.Сейфуллин, Шығ.). - Аққаты бойында менімен б і р г е оқыған Хакім Жүнісов дейтін мектептесім бар еді, мүмкін сіз оны білетін де шығарсыз (Х.Есенжанов, Тар кезең). Қабыштың көңілінде қолына түспей алыстап кеткен сұлуды арманмен сүюмен б і р г е, үлкен намыспен жек көру де бар еді (М.Әуезов, Қараш.). Бірге тумақ бар, б і р г е өлмек жоқ (Мақал-мәтел).