Бірік етістігінің қимыл атауы. 1. Ажырамау, жабысу. Бетонның дұрыс б і р і г у і үшін бірқалыпты жылылықты сақтау қажет (А.Жақсыбаев, Менің дост.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Бір жерге жиналу, күш біріктіру, топтану. Ағзам мен Жүніс бүкіл Орта Азия күшінің б і р і г у і н талап етті (З.Шашкин, Ұядан ұш.). Аяқ Сыр, Арал теңізі, Үстірт, Маңғыстау қазақтарының бізбен б і р і г у і н е Хиуа ханы қарсы болмас деген үмітіміз бар (І.Есенберлин, Қаһар).