е т і с т і к. 1. Бір-біріне қосылу, араласу. Бір күні патша отырды ойға түсіп, Б і р і г і п ойшылдармен шарап ішіп: - Уақыт берем сіздерге екі сағат, оңаша үйге дайындал төмен түсіп (Е.Бердин, Қанды асу). Сонымен қатар бір хондримома екіншісімен қосылып, б і р і г і п кететін жағдайлары да байқалған (Т.Мұсақұлов, Ботаника). 2. Ниет-тілектердің бір жерден шығуы, бірлесу. Бұлар бірін-бірі көптен білгенімен осы оқу жылдарында тым жақын боп кетіп еді. Енді тілектері де б і р і к т і (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). Өз көркіне қыз Назым, Көңілі бітіп толады. Жеңгесімен б і р і к т і, Алты ұршық ақ жібек, Алтауына иіртті (Қамбар батыр). Бүгінгі шопан өмірінде өзгерістер көп. Жеке мүдде мен қоғамдық мүдде б і р і г і п кеткен (С.Мәуленов, Жер нәрі). 3. Тізе қосу, ұйымдасу. Көп б і р і к с е ел болар, Көп тілегі көл болар (Мақал-мәтел). Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас б і р і г і п тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық (С.Сейфуллин, Шығ.). Қазіргідей түтеп келе жатқан дүлей дауылға ірге алдырмай, шеп құрып тұтасып алып, бір кісідей б і р і г і п қимылдауға шақырды (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Колчактан қашқан бірлі-жарым крестьяндар мен алашордашылардан қашқан қазақ жігіттері б і р і г і п, қызыл партизан болып жүргендер де жоқ емес (С.Шарипов, Бекболат).