Бірінші

lat: Birinshi

с а н. 1. Реттік сандардың ең әуелгісі, бастапқысы. Бұл елден менің б і р і н ш і кездескен адамым ауылдық кеңестің төрағасы Томайұлы Сәмет болды (С.Омаров, Қайырлы.). Жергілікті мүмкіншілікті барынша пайдалана білу керек. Сол мақсатпен б і р і н ш і шахтаның өте ауыр қол бұранын ат бұранға айналдырмақ (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Мұхиттың Қайырбек үйіне келгені бір бұл емес, алайда мына сәнді бөлмесін көруі б і р і н ш і рет (Ғ.Сланов, Шалқар). 1837 жылғы 15 ноябрьде Тастөбе деген жерде жазалаушылар мен көтерілісшілердің б і р і н ш і шайқасы болды (М.Елеусізов, Ш.Уәлиханов.). // Бірінші, алғашқы, бастапқы сынып, курс. Б і р і н ш і д е оқимыз Гүлсім, Марат, Тастүлек. Келісе алмай отырмыз «мектепте не жақсы? деп (Қ.Мүсірепов, Менің апам.). 2. Алғашқы, тұңғыш. Бұрын естігенімен «отарба жүреді» дейтін теміржолды бұл менің б і р і н ш і көруім (С.Мұқанов, Өмір мект.). Бұл берекесіздікті б і р і н ш і бастаған Сәдірбек болды (С.Бегалин, Мектеп.).