Біріншілік

lat: Birinshilik

з а т е с і м. 1. Алғашқы болушылық, ең әуелгілік. Және осының барлығына қосымша Ахаң атына лайық айтылатын бір ортақ анықтауыштұңғыш» деген сөз, яғни өз саласында тыңнан жол салған б і р і н ш і л і к мерейі (Ж.Исмағұлов, Адам.). 2. Бірінші орын. Біздің қазақта бұл күнге шейін ел аралап, атағын шығарып, қазақтың ұранын көтеріп жүрген балуан жоқ еді. Мұқан бұл арада б і р і н ш і л і к т і алды («Қазақ»). 3. с п о р т. Озық, үздік болу жолындағы жарыс. Ұлттық спорт сарайында студент боксшылардың халықаралық б і р і н ш і л і г і өткізіліп жатыр (Б.Соқпақбаев, Жекпеек). Еліміздің Алматыда өткен б і р і н ш і л і г і н д е жерлестеріміздің тамаша табысқа жеткенін волейбол жанашырлары жақсы біледі («Спорт»).