з а т е с і м. Біртегіс болушылық, бірыңғайлық, бірқалыптылық. Биязылау жүн түбіт пен аралық қылшықтан тұрады. Мұның биязы жүн секілді технологиялық ерекшелігі талшығының жіңішкелігі мен ұзындығының б і р к е л к і л і г і н д е (Р.Әбуғалиев, Қой өсіруші.). Әсіресе асқазанның сөлі түнде көп шығады, сол шыққан сәл асқазанның қимыл-әрекетін көбейтіп жібереді, сөйтіп оның б і р к е л к і л і г і бұзылады (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). Бұған дәлел - су өсімдіктерінің ұқсастығы және көлдердің түбіндегі топырақ құрамының б і р к е л к і л і г і («Білім және еңбек»).