Бірнеше

lat: Birneshe

е с і м. Бірсыпыра, бірқатар. Шілдеде қандай момақан, Толқының майда мақпалдай. Б і р н е ш е жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ.Қайырбеков, Құрдас). Солардың бір-екеуіне барсам, ұзақ сөйлесіп, қатарында б і р н е ш е күндер жүрсе деп ойлайды (С.Бақбергенов, Біздің колхоз). Саян сабақтан қолы бос кездерін пайдаланып, тағы да б і р н е ш е модель жасады (С.Шаймерденов, Мезгіл).