Біртекті

lat: Birtekti

с ы н есім. Біркелкі, бірөңкей. Бұл жағдайда ғимарат тұғыры б і р т е к т і грунттан орын алады, ғимараттың салмағынан жыныс қабаттарының біркелкі сығымдалуына жағдай туады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Континенттік беткейге сәйкес келетін батикалық аймақтың шөгінділері б і р т е к т і және ұсақ түйірлі келеді. Терригендік шөгінділер көк, жасыл, қызыл түсті вулкандық мибатпақтан органогендік тұнбалардың маржан мибатпағынан құралады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Казакрыстар артықша дәрежедегі әскери сословие болды. Бірақ олар б і р т е к т і болған жоқ (ҚазССР тарихы). Гук сәуле ұзындыысқалы толқындар қозғалысы, ол б і р т е к т і ортада сфералық бет жасап айналаға тарап кетеді (А.Қалығұлов, Жарық.).