Біртұтас электр энергетикалық жүйе

lat: Birtutas elektr energetıkalyq júıe.

т е х н и к а л ы қ. Жоғары және аса жоғары кернеулі электр жеткізу желілерімен біріктірілген электр энергетикалық жүйелердің жиынтығы. Б і р т ұ т а с э н е р г е т и к а л ы қ ж ү й е елдегі барлық өнеркәсіп орындары мен ауылшаруашылығын, елді мекендерді, коммуналдық шаруашылықты, транспортты т.б. электр энергиясымен қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді жолы болып табылады (ҚСЭ). Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін КСРО б і р т ұ т а с э л е к т р э н е р г е т и к а л ы қ ж ү й е с і тәуелсіз жаңа мемлекеттердің ұлттық энергетикалық жүйелеріне бөлініп кетті (ҚҰЭ).