з а т е с і м. 1. Ағашты, қаңылтыр, былғары заттарды тесу үшін жіңішке қатты темірден істіктеп жасаған сабы бар құрал. Былай түршы, біз де көрейік деп етікшінің пышағын, б і з і н, балғасын, кемпірауызын ұстап, қамалап жатқан еркектерді кимелеп, біреуінің қолынан кебісті жұлып алып қарады (Ж. Аймауытов, Шығ.). Өткірдің жүзі, Кестенің б і з і, Өрнегін сендей сала алмас (Абай, Шығ.). Б і з - ісмерлер, етікшілер, ершілер тұтынатын темірден соғылған сайман (Қаз. ықш. энқ. Сөздік). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кейбір жәндіктердің шағып-шаншып алатын дене мүшесі. Дуылдап ала жөнелген қалың араның бірі дәл қабарына тиісімен б і з і н сұғып алған ба, әйтеуір баланың бір жақ шекесі бүлаудай боп шыға келді («Лен. Жас»). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Шаншу сөз. Оны жоятындай жауынның астында ұстағам жоқ. - Түу, Кенжетай-ай, шынында да тіліңнің ұшында б і з тұратын бопты-ау (Т.Иманбеков, Үш ай.). Тиісті жұртқа тіл б і з і н қадап, Жайына қарап тұрмады жеңгей (О.Оңалбаев, Таң алды.).