Біз

lat: Biz

е с і м. 1. Жіктеу есімдігінің бірінші жағының көпше түрі. Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, б і з алмайтын қамал жоқ (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Арзанның сорпасы татымайды, қымбат қияметке кетеді, дейтін едік б і з (Қ.Жармағамбетов, Әнші.). 2. э к с п р. Жіктеу есімдігінің бірінші жағының сыпайы реңкті жекеше түрі, «мен» дегенді сыпайылай жеткізу. Күн батпай биттей алаң болма б і з г е, Қас қарая келермін мен де сізге. Ішіп, жеу арасында сөйлер сөз көп, Ол үйде жан болмасын сенен өзгебай, Шығ. Жин.). Қарағым, бермен кел, Б і з г е де көңілің бөл. Қалқамның нұсқасын көр, Көзім, бір кенел (Абай, Шығ. жин.). Керемет кезде тусақ та, Керемет шақта түрсақ та, Білдірмей іштен тынсақ та, Б і з д і ң хал мүшкіл бұл шақта (М.Мақатаев, Өмір-өзен). Осы жасқа келгенше, өршеленіп өлгенше, таба алмадық еш адам Б і з д і ң сөзге ергендібай, Шығ. жин.). Ғафу етерсіздер, «б і з д і ң» дейтін себебіміз, б і з д і ң де жұрт қатарлы іш тартарымыз бар (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат).