Бланк картасы

lat: Blank kartasy

өск. Бір немесе бірнеше көмескі реңді бояуларға басылған топографиялық немесе арнайы карта.

Бланк картасы қосымша графикалық жүктемені (тактикалық, оперативтік, аэронавигациялық жағдайлардың) түсіру, ұрыстық графикалық құжаттарды даярлау кезінде топографиялық негіз түрінде қолдануға арналған (Қаз. тілі термин. Әскери.).