Бой жасады

lat: Boı jasady

Науқас адам өлер алдында бір сәт сергіп, тәуірленгендей болды. Өлімді көп көрген Ақылбай Мажыраның бой жасағанын біліп, жұбаптасайын деп тез ұмтылып келеді (I.Жансүгіров, Шығ.). Алғашында ол бой жасап, тәуірленген сияқты болған (Ә.Нұршайықов, Алтын соқпақ).