Бояу-ылғал ерітінділерінің балансы

lat: Boıaý-ylǵal eritindileriniń balansy

офсеттік әдіспен басу үдерісінде қалыпқа жағылып, басылатын таңбаның сапасын қамтамасыз ететін, бону мен ылғал ерітіндісінің өзара байланысының сәйкестірілуі. Бояу-ылғал балансына көптеген факторлар: басу машинасының жылдамдығы, жабдықтың құрылымы, басу цехындағы ауа ылғалдылығы мен ауа температурасы (t°), басу бояуының құрылымы мен ерекшеліктері, қалыптың құрылымдық ерекшелігі, ылғал ерітіндісі мен бояудың құрамы, олардың жағылу әдістері, басылатын материалының ерекшелігі әсер етеді.