Бойына бітті

lat: Boıyna bitti.

Құрсақ көтерді. Осы бала Ақбаланың б о й ы н а б і т к е н д е ол сорлының қалай қуанғаны есінде: ана құрсағындағы баланың қимылдағанына мәз болып жүрді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Б о й ы м а с е н б і т к е н д е, болып жерік, Алаптан ащы жуа жедім теріп. Ашуы көзден жасты ыршытатын, Жүруші ем ер бола деп, саған сеніп (Қ.Тоғұзақов, Сібір Омар). Сол жолы осы Нұртай б о й ы н а б і т і п қайтып еді (З.Шүкіров, Жас жесір). Б о й ғ а б і т к е н н е н бастап бес айдан соң, не жеті айдан соң туылған баланы қазақтар «шала туды деп, оның туылғанын жұртқа дабыра қылмай, нәрестені әкесінің тымағына салып, керегенің басына қыстырып қоятын болған («Ақ желкен»).