Болары болды, бояуы сіңді

lat: Bolary boldy, boıaýy sińdi

Бітер іс бітті, енді өзгертуге болмайды.

Болары болған, бояуы сіңген, маған енді үгітіңді айтып, сөзіңді шығын қылма (С.Шарипов, Шығ.).

Бәлкім, сіз ренжитін де шығарсыз. Бірақ болары болып қойды, бояуы сіңіп қойды. Өз қолыңды өзің кесесің бе («Лен. жас»).

Енді болар іс болып, бояуы сіңіп қалған екен, қайтып орнына келтірер айла жоқ. Бәріне көнген жөн (А.Байтанаев, Қайнар.).