жаратылыстану ілімін логикалық ұйымдастыру формаларының бірі. Болжамдық дедуктивті теория ұғымы математикалық методологияда қалыптасқан сияқты, дедкутивтік немесе аксиомалық теорияның тұжырымды ұғымы болады, мұнда тәжірбие мен бақылауға сүйенетін жаратылыстану ілімінің ерекше проблемалары ескеріледі. Жалпы дедкутивтік жүйеге қойылатын талаптардан басқа Болжамдық дедуктивті теория ұғымы теория ережелеріне эмпирикалық бақылауды қамтамасыз ететін эмпирикалық тадау жасау мүмкіндігін шамалайды. Қазіргі кезде ғылым методологиясында Болжамдық дедуктивті теорияның шектеулілігі айтылып жүр, өйткені ол өзінің дәстүрлі түрінде ғылыми - теориялық білім құрылымының күрделелігін айқындауға мүмкіндігі жоқ және ол даму процесінен тыс статикада қаралады.