(латынша analogia) - католиктік философиядағы орталық методологиялық ұғым. Болмыс аналогиясы мәні кез келген мәнді нәрсе басқа бір мәнді нәрсеге ұқсас және сонымен бірге басқа мәнді нәрседен өзгеше дегенді білдіреді. Осы принцип бойынша болмыстың иерархиялық баспалдағы жасалады. Болмыс аналогиясында ұқсастық, бірлік - бастапқы, айқындаушы деп есептелетіндіктен, схолостикалық метафизикалық сәйкес, тек сыртқы, табиғаттан тыс күш құдай ғана болмыстың сапа жағынан алуан түрлілігінің себебі, бастапқы көзі бола алады, мұнда айырмашылық атаулының бәрі үйлеседі. Сөйтіп, Болмыс аналогиясы ұғымында заттар мен құылыстардың ұқсастығы абсолюттендіреледі, ал олардың сапалық айырмашылықтары сандық айырмашылықтарға саяды. Бұл ұғым орта ғасырлық схоластикаға енгізілді. Қазіргі схоластар Болмыс аналогиясын қарама-қайшылықтардың диалектикалық бірлігінің антиподтары деп жариялады.