Болысу, жәрдемдесу, көмектесу, қарайласу, жағысу, қарасу

lat: Bolysý, járdemdesý, kómektesý, qaraılasý, jaǵysý, qarasý

Бірeyгe бipey қол ұшын беру, қолғабыс muгiзy.

Ерден апасына болысып, үйдің кepeгеciн жайысып, уық шаншысып, киізін жабысып, ширақ қайрат көрсетті (С. Бегалин).

Өз жолдастарына бұлайша жәрдемдесу - звено мүшелері арасында әдетке айналған дәстүр (Ш. Есмұрзаев).

Ол қора жасап, үй жөндеп, шопандарға көмектесті (Ә. Әлімжанов).

Туыс адамдар бір-бірiмен жағыспаса, туыстығы қайсы (Ауызекі тіл).

Шал, кемпірлердің өз тұстарынан тамақ icтеп iшe алмайтындары бар, оларға бұрын ауыл адамдары болысып, қарасып тұрған (Ж. Өмірбеков).

Ол әкесі мен шшерше қарайласу үшін колхоздағы еңбекке, қолынан келетін жұмысқа араласты (М. Ғабдуллин).