lat: Bolysý, járdemdesý, kómektesý, qaraılasý, jaǵysý, qarasý
Біреуге біреу қол ұшын беру, қолғабыс тигізу.
Ерден апасына болысып, үйдің керегесін жайысып, уық шаншысып, киізін жабысып, ширақ қайрат көрсетті (С. Бегалин).
Уа, қарт Кавказ, сын сағатта әрбір тасың гранатқа, әрбір талың ұқсап оққа Жәрдемдессін азаматқа (А. Тоқмағамбетов).
Темірбектің саяси сауатына өзім көмектесейін , - деді Степан (Қ. Әбдіқадыров).
Ауылды іздеп табайын, Күні құрсын кірменің. Қарайласар ағайын Күн көрістің бір жөнін (М. Әлімбаев).
Туыс адамдар бір-бірімен жағыспаса, туыстығы қайсы (Ауызекі тіл).
Шал, кемпірлердің өз тұстарынан тамақ істеп іше алмайтындары бар, оларға бұрын ауыл адамдары болысып, қарасып тұрған (Ж. Өмірбеков).