Болыстық съездер

lat: Bolystyq sıezder

1917 1918 жж. Қазақстанның әр жерінде болған съездер. Бұл съездерде оқу, ел тыныштығы, азық-түлік, жер, шаруашылық т.б. мәселелер көтерілді. Бұл съездердің халықты біріктіру, оның құқықтық сауатын ашу, елдегі жаңалықтармен таныстыру сияқты маңызы болды.