соғыс авиациясының негізгі бір түрі әрі соғыс авиациясының тегеурінді бас күші, ол жаудың құрлықтағы және теңіздегі объектілеріне бомбамен соққы беруге арналады. Бомбалаушы авиация алысқа ұшатын және майдандық (тактикалық) болып бөлінеді. Майдандық (тактикалық) бомбалаушы авиация жаудың ұрыс шебіне, корабльдеріне, десантына, аэродромдағы авиациясына және қатынас жолына, тылына соққы бере отырып, құрлықтағы әскерлердің соғыс қимылдарын қолдайды, Алысқа ұшатын (стратегиялық) бомбалаушы авиация жаудың тылындағы стратегиялық маңызы бар ірі соғыс өнеркәсібі мен басқа да маңызды объектілеріне соққы беруге арналады. Кей жағдайларда ол майдандық бомбалаушы авиацияның міндеттерін орындайды және құрлықтағы әскерлер мен соғыс-теңіз күшінің қимылдарын қолдайды. Бомбалаушы авиацияның ер түрлі және күрделі құрал-жабдықтармен, қару-жарақтармен жабдықталады және үлкен зақым келтіретін әр түрлі құралдарды: фугасты жарықшақты, жарықшақты-фугасты, танкіге қарсы, өртегіш, бронь бұзушы, бетоңды бұзушы бомбалар, басқарылатын және басқарылмайтын снарядтар мен бомбалар қолданады, бомбалаушы авиацияның жаппай қырып-жоятын қаруларды - атом және сутегі бомбасын, биологиялық және химиялық қаруларды, өртегіш құралдарды алып жүреді. Алысқа ұшатын ауыр бомбалаушы авиацияның 5000-7000 км, орташа қашықтыққа ұшатын бомбалаушы авиацияның 3000—4000 км қашықтықтағы объектілерге соққы береді. Жеңіл бомбалаушы авиацияның жау тылындағы тактикалық және оперативтік объектілерге, жаяу әскерлерді қолдаушы авиацияға қарсы соққы беруге қолданылады.