майдандық авиация ұшағы, әскерлер мен тылдағы объектілерді жау соққысынан және әуе барлауынан қорғайды. Әуеде жау ұшақтары немесе ракеталары кезіксе, оларды жояды. Оның жау десанттарын жоюға, әуе барлауын жүргізуге, тіпті жердегі нысаналарды қиратуға да мүмкіндігі бар. Бомбалаушы-истребитель әр түрлі ракеталармен жабдықтау олардың ұрыс аймағында нәтижелі қимылдауына, әсіресе әуе қорғанысы әлсіз болғанда, құрлықтағы әскерлерді қолдау міндеттерін ойдағыдай орындауына жағдай туғызады, Авиацияның, ракета техникасының дамуы Бомбалаушы-истребительдің ұрыс даласындағы маңызын арттырады.