Бомбалаушы-истребителъ авиациясы

lat: Bombalaýshy-ıstrebıtel avıasıasy

майданды авиацияның бір түрі, ол құрлықтағы әскерлермен бірлесіп, жаудың ұрыс аймағына, корабльдеріне, десантына, аэродромдағы авияциясына және қатынас жолына, тылына соққы бере отырып, құрлықтағы әскерлердін соғыс қимылдарын қолдайды. Негізгі міндеті жердегі нысаналарды қирату. Жаудың жылжымалы және жаңадан пайда болған ядролық құраллары мен басқа да қауіпті объектілерін жояды. Бомбалаушы-истребителъ авиациясы үнемі құрлықтағы әскерлермен тығыз байланыста болады - Ол әскерлердің соғыс қимылдарын қолдайды.