жұптанбаған электрондары бар кинетикалық тəуелсіз бөліктер (атомдар, молекулалар). Реакцияға қабілеттілігі өте жоғары жəне бөлме температурасында тұрақсыз болып келеді. Бос радикалдар тірі клеткаларда биохимиялық реакциялар нəтижесінде жəне иондаушы, ультрафиолетті радиация əсерінен пайда болады. Қалыпты концентрациясы – 1 г. ұлпада моль. Қан плазмасының липопротеидтері мен клетка мембраналарының липидтерінің құрамына кіретін қанықпаған май қышқылдарының бос радикалдары липидтердің асқын тотығуы деп аталатын реакцияларға қатысады. Бұл реакцияның шамадан тыс активтілігі мембраналардың қорғаныштық (кедергі-барьер) қасиетін, сол арқылы клеткалардың тіршілік əрекетін бұзады, Сөйтіп интоксикация, гипоксия, стресс, канцерогенді заттар əсері кезінде жүрек, бауыр, ми жəне басқа да клеткалардың зақымдалуына себепші болады. Медицинада босрадикалдарды байланыстыратын жəне липидтердің асқын тотығуын тежейтін антиоксидант-қосылыстар қолданылуда. Бос радикалдардың кейбір түрлері биохимиялық зерттеулерде белок молекулаларының конфигурациясын жəне биологиялық мембраналардың функцияналдық қасиеттерін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Бос радикалдарды электронды парамагнитті резонанс əдісі немесе сəулелендіру бос радикалдың қатысуымен жүретін реакциялар арқылы анықтайды.