Тұрмыстың ыстық-суығын көрмей, емін-еркін ерке болып өскен. (Мұндағы «бұла» дегеннің о бастағы мағынасы - жібек, нәзік, биязы жүн). Майда жал, қаз мойынды тобым қайда? Бәрінен сыпырылдым бір-екі айда. Үстіне жел шықпаса, адам шықпай, Бұла өскен ая көзім қандай жайда (С. Торайғыров).