lat: Bulshyq et
а) Сіңірге жалғас сом біткен жиырылғыш ет тарамдары, кесек ет.
Қоректілігі жағынан ең құнды әрі жұмсақ бұлшық ет тіндері омыртқа, арқа, белдеме, жамбас тұстарында болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Сіреспе – бұлшық еттерді жиырып сірестіретін жұқпалы ауру, жарақаттанған адам мен малға құм, топырақ және ауру малдың нәжісі арқылы жұғады (Т.Телеуғалиев, Мал. қора.).
ә) Денесінің сыртына бұлтылдап шығып тұратын, шынықтырылған ет.
Онда мына кәрі атаң
Жігіт еді, жас еді.
Жұртты өзіне қаратқан
Бұлшық еті тас еді (А.Шамкенов, Сағат).
Жұмыр білегінің бұлшық еті шалғының бағытына қарай біресе бұлт етіп шыға келеді де, бір сәт қайтадан жоғалып кетеді (М.Дүзенов, Ақәже).