а) Сіңірге жалғас сом біткен жиырылғыш ет тарамдары, кесек ет. Қоректілігі жағынан ең құнды әрі жұмсақ б ұ л ш ы қ е т тіндері омыртқа, арқа, белдеме, жамбас тұстарында болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Сіреспе – б ұ л ш ы қ е т т е р д і жиырып сірестіретін жұқпалы ауру, жарақаттанған адам мен малға құм, топырақ және ауру малдың нәжісі арқылы жұғады (Т.Телеуғалиев, Мал. қора.). ә) Денесінің сыртына бұлтылдап шығып тұратын, шынықтырылған ет. Онда мына кәрі атаң Жігіт еді, жас еді. Жұртты өзіне қаратқан Б ұ л ш ы қ е т і тас еді (А.Шамкенов, Сағат). Жұмыр білегінің б ұ л ш ы қ е т і шалғының бағытына қарай біресе бұлт етіп шыға келеді де, бір сәт қайтадан жоғалып кетеді (М.Дүзенов, Ақәже).