Бұлшық ет ұлпасы

lat: Bulshyq et ulpasy

Бұлшық еттің негізгі массасын құрайды жəне олардың жиырылуын іске асырады. Бұлшық ет ұлпасы қаңқа, жүрек бұлшық еті, тегіс жəне қиғаш жолақты бұлшық ет болып көрінеді. Омыртқалыларда қаңқа бұлшық ет ұлпасының барлығына жуығы жұп метамерлі дене миотомнан дамиды. Эмбриональды бір ядролы клеткалар миобластар белсенді бөлінеді жəне бірбірімен қосылып бастапқы «бұлшық ет түтікшесін» береді, соңынан дифференциалданған бұлшық ет талшығына айналады. Омыртқалыларда жүрек бұлшық еті перикардиальді мезодермадан дамиды жəне ол тура бұрышты жиырылғыш клеткалардан тұрады. Омыртқасыздарда жылтыр бұлшық ет мезодермальді жапырақшадан жəне целомды эпителиядан дамиды; омыртқалыларда тері, ішкі мүшелердің қабырғасының жылтыр бұлшық ет ұлпасы мезенхимадан, ал сілекей, тер шығару жəне сүт бездерінің жылтыр бұлшық ет ұлпасы эктордермадан жəне бір ядролы ұршық тəрізді клеткалардан тұрады. Екі қиғаш жолақты жылтыр бұлшық ет ұлпасы өте сирек кездеседі кейбір құрттар мен моллюскаларда. Бұл бұлшық ет ұлпасының ерекшелігі жай жиырылады жəне осы жиырылуын ұзақ уақытқа ұстап тұра алады.