Бұрғылық қазбалар

lat: Burǵylyq qazbalar

кен. Бұрғылау жабдықтарын орналастыруға және олармен жұмыс істейтін адамдарға арналған қазба.

Бұрғылық қазбалардың көлденең қимасының ауданы қолданылатын бұрғылау жабдықтарының сырт көлеміне байланысты болады (Қаз. тілі термин. Кен.).

Бұрғылық қазбалардан тазартып қазып алуға қажетті ұңғымалар мен шпурларды бұрғылайды (Қаз. тілі термин. Кен.).