lat: Buralqy sóz
Орынсыз айтылған қыңыр сөз, қылжақ.
Жанталасқан жастар жосыны тыным тауып, ешкім сені қарып та кетпейді, бұралқы, бейпіл сөздер де естімейсің (Ғ.Мүсірепов, Белдерде.).
Байжан дөңгелек шаруалы, бұралқы сөз ере жүретін адам болса да, бай ағайындарының үйіне еркін кіретін еді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). «Бұралқы сөз күлуге жақсы» дегендей сырттан тыңдағанға да көңілді-ақ (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.).