lat: Butaq
з а т е с і м. 1. Ағаш діңінің бүйірінен өсетін тармақ-тармақ сабағы, өскін.
Айтайын аспанымнан нүр жауғанын, Жырлайын б ұ т а қ т а р д ы ң бүр жарғанын. Айтайын суық күздің сұрланғанын, Арса-арса ағаштарда мұң қалғанын (М.Мақатаев, Шығ.).
Ағаш жегінің жүлдыз құрттары ағаштың діңін, б ұ т а ғ ы н мекендейді (ҚСЭ).
Таза жүн, түсі әдемі бір құс болсам, Б ұ т а қ қ а көңілім сүйген ұшып қонсам, Жырымды жұртқа айтарлық сайрағыш боп, Уа, дүние, шағып мұңым, көрсем шолпан (С.Дөнентаев, Шығ.).
Гүлдеген, біткен жапырақ,
Б ұ т а қ т а р ы салбырап.
Уақыты еді жетілген,
Көз тартарлық балбырап (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
2. б о т а н и к а л ы қ. Ағаш діңінің, өсімдік сабағының өркендері мен тамырының тарамдалған бөліктері.
Б ұ т а қ - ағаш діңінің, өсімдік сабағының және тамырларының тармақтары (ҚСЭ).
Ағаштың бұтадан айырмасы - ағаш салмағының 60-90 пайызы дің, 5-20 пайызы - б ұ т а қ, 5-20 пайызы тамыр болып келеді (ҚСЭ).
3. Кесілген бөрене мен тақтай бетінде қалған бұтақтың орны, оқыра.
4. Шаруашылық мақсаттарға (отынға, құрылыста) пайдаланылатын ағаштың дайындалып, кесілген өскіндері.
Кенді Алтайдың ормандыдалалы алқабында қалыптасқан, қаңқасы б ұ т а қ т а р м е н шабақталған шарбақтан құрастырылатын да, іші-сырты сыланып тасталатын тұрақты мекен-жайдың біршама көне нұсқасы (Ө.Жәнібеков, Жолайырықта).
Сонан соң Байбөрі отырды да отқа б ұ т а қ тастап, нарттай қызыл Ұшқындардың арасынан Сейілханға қарады (Д.Жанботаев, Шыңда.).
5. Зәкірдің және т.б. тарамды заттардың бір тармағы.
Темірбек шынжыр ұшындағы төрт б ұ т а қ зәкірді балшыққа аяғымен нығарлап сіңірді (Ә.Сараев, Бозқырау).
6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Белгілі бір атадан тарайтын ұрпақ, буын.
Тарап едік бір мәуелі б ұ т а қ т а н, дәмі кетпес бал, шекердің бір татқан. Сен едің ғой көзден тайсаң, сағынтып, Ең алғашқы жыр шумағын тұтатқан (К.Салықов, Жезкиік).
Өткен күндер ғашықтардың қолымен, Б ұ т а ғ ы м а қалдырыпты көп белгі. ...Бұл өңірде баянсыз кім, батыр кім, Солар жайлы ойға шомып жатырмын (М.Шаханов, Ғасырлар.).
7. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Біртұтас нәрсенің жеке бір саласы немесе сол саланың тармақ-тарамы.
Әдетте елдің қоғамдық өміріндегі жаңалықтар жайлы әңгіме саясат пен экономика Тәңірегінде өрбиді. Сөйтеді де, билік институының аса ықпалды, маңызды б ұ т а ғ ы саналатын заң, құқық жүйесіндегі өзгерістер назардан тыс қалып жатады. Неліктен бүлай? («Жас Алаш»).
Бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ б ұ т а қ т а р ғ а бөлінетінін айтқанымыз жоқ еді (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Нерв системасы екі бөлімнен тұрады: 1) орда бөлім (ми, жұлын) һәм б ұ т а қ бөлім. Нерв системасының бәрінің түбі - бастағы ми (М.Жұмабаев, Шығ.).
Сопылардың арасында «шариат тамыр, тариқат - бұтақ, хақиқат - жеміс» деген сөз бар («Егемен Қазақстан»).
8. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Арна, бағыт, үрдіс, даму жолы.
Кеңес берді киіз кітап,
Тас кітап,
Кітап қалар,
Қирағанмен ескі тақ.
Бірі жырдың,
Махаббаттың біреуі қалды менде бар болғаны қос б ұ т а қ (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Тахаң бұл еңбегінде алдындағы ағалары туралы ғана емес, өз қатарлары Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер», З.Қабдоловтың «Жалыны», Т.Әлімқұловтың «Ақбоз аты», С. Шаймерденовтің «Қарғашы», Қ.Қанахиннің Дәмелісі» секілді сүйекті туындылармен қатар, «қазақ прозасының елеусіз қалдыруға болмайтын жарастықтың бір б ұ т а ғ ы деп, сол кездегі уыздай жастар: Қ.Ысқақов, Ш.Мұртаза, Ә.Тарази, С.Мұратбеков, С.Жүнісов, А.Нұрманов, Р.Тоқтаров, Т.Жармағамбетов, Е.Домбаев, Ә.Нәбиев, Ж. Ахметов, С.Бердіқұловтардың әңгіме-повестеріне де тоқтала кеткен («Жас Алаш»).
9. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. ж а ғ ы м с ы з. Құмарлық, ессіз берілу т.б. сияқты адамды еркінен айыратын немесе бұзатын әрекет, теріс бағыт мағынасында.
Жетіп жатыр өзі қою ойымның, Жүрегіңді сыздатады уайым-мұң. Бірте-бірте қиып, кырқып үлгердім Б ұ т а қ т а р ы н біраз құмар ойынның (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).