Бұзылу, иістену, былығу, бүліну

lat: Buzylý, ıistený, bylyǵý, búliný

жылылықтың әсерінен белгілі бір заттың өзіне тән қасиеттерінен айырылуы, дәмін, түсін өзгертіп сасып кетуі.

Акула тіршілігін зерттеуші ғалымдар сасыпбұзылған ет тасталған жерге оның жоламайтындығын анықтаған (Қ. Қайымов).

Қыран құстар тұздалған, яки ескіріп иістенген ет жесе, дертке шалдығады (Ш. Айманов).

Мына ыстықта жаңа сойған етіміз аздап былығып қалыпты («Қаз. әдеб.»).

Сазандарды жіпке тізіп, суға салып қой. Күн болса қапырық, иістеніп, бүлініп кетіп жүрер (С. Досымов).