Бұзылу, иістену, былығу, бұлшу, баздану, жінігу

lat: Buzylý, ıistený, bylyǵý, bulshý, bazdaný, jinigý kóne.

Жылылықтың әсерінен белгілі бір заттың өзіне тән қасиеттеінен айырылуы, дәмін, түсін өзгертіп сасып кетуі.

Акула тіршілігін зерттеуші ғалымдар сасып, бұзылған ет тасталған жерге оның жоламайтындығын анықтаған (Қ.Қайымов).

Қыран кұстар туздалған, яки ecкipіп иістенген ет жесе, дертке шалды ғады (Ш. Айманов).

Мына ыстыңта жана сойған етіміз аздап былығып қалыпты («Қаз. әдеб.»).

Сазандарды жіпке тізіп, суғa салып қой. Күн болса қапырық, иістеніп, бүлініп кетіп жүрер (С. Досымов).

Ысыда ет біткеннің базданып, өзініп дәмін жоғалтатынын жазған (Қ.Мырзалиев).

Жінігіп базданбаса егер етің, Шыдамай шұжық өзі көгеретін (К. Мырзалиев).