Былғары

lat: Bylǵary

р.] Мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Мұнда жібек тоқу, алтын-күміс зерлеу, б ы л ғ а р ы илеу, темір қорыту, арақ-шарап қайнату тәрізді кәсіптер гүлденіп, қала бүкіл сауданың кіндігі болды (І.Есенберлин, Қаһар). Б ы л ғ а р ы қара қорап, перім арба, Шылдырап сөнді ызбырой қос торындай (Байлин, Шығ.). Қазығын қалайыдан қақтырып, Тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміс шаптырып, б ы л ғ а р ы сына піштіріп, Шыны аяқпен іштірген (Бұқар жырау, Жыр.).