Былғары

lat: Bylǵary

аса бағалы, қымбат басылымдардың түптеу қаптарын қаптау үшін терінің бірнеше түрін қолданады. Теріден жасалған түптеу қаптары өте қымбат болғандықтан таралымы аз немесе таралымның бір бөлігі ғана түптеледі. Жиірек қолданылатын терінің бір түріне сафья - ешкі терісінен жасалған тері жатады. Көбіне қолданылатын қалыңдау тері түрлеріне бұзау, қой, доңыз терілері жатады.