Былғары қолғап шебері

lat: Bylǵary qolǵap sheberi.

Б е й н е. Боксшы. Малайзия Королі Кубоғы үшін таласқа түскен б ы л ғ а р ы қ о л ғ а п ш е б е р л е р і н і ң турниріне өзі барады («Егемен Қазақстан»). Біз ешқашан б ы л ғ а р ы қ о л ғ а п ш е б е р і н е кенде болған емеспіз. Сонау 30-шы жылдары қазақ даласына бокс қолғабын арқалап алып келген Шоқыр Бөлтекұлынан бастап, қазіргі Олимпиада чемпионы, Баркер кубоғының иесі Бақтияр Артаевқа дейінгі аралықта атой салған талантты үлдарымызды қалай мақтан етсек те жарасады («Егемен Қазақстан»). Бүгін Ресей астанасы - Мәскеуде осымен 11-ші рет дүниежүзінің б ы л ғ а р ы қ о л ғ а п ш е б е р л е р і сарапқа салатын Әлем кубоғы өз жалауын көтереді. Бұл байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты деген боксшылары өнер көрсетеді («Егемен Қазақстан»).