ү с т е у. 1. Меңзеген жаққа қарай. Қадес жоқ, сондықтан Ақмадия, Тояш, Сүлеймен, Нұрым болып он бес жігіт б ы л а й шығыңдар (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Олай жүрші, Көкшолақ, Б ы л а й жүрші, Көкшолақ, Жамандатқыр, Көкшолақ, Арам қатқыр, Көкшолақ (К.Әзірбаев, Шығ.). 2. Әрі таман, аулақ. Менің сырым, жігіттер емес оңай, Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін б ы л а й. Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім, Қазысы оның - арым мен бір-ақ Құдай (Абай, Тол. жин.). Ойбай, сен б ы л а й тұр! Өзің шермеңдеп жүргенде жазым боларсың деп, оны жолатпады (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. Бөлек, әрі, бері. Құдай қосқан жарыңнан б ы л а й жат деп, Қасыма көрпемді ашып кіріп алды (Ақын жырлары). Көмейінде тәтті үні б ы л а й қалып, Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып. Жетті аққулар. Түгендеп Жетім көлін, Жағалауда ұшып жүр шыр айналып, (Бірден көлге қонбайды құлай барып) (М.Мақатаев, Шығ.). Сөйтіп, балаларды қайтадан тасты жолға ертіп келіп: мына тасты б ы л а й, ана тасты олай тастаңдар деп көрсетіпті де, өз жұмысына кетіп қалыпты (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.). 4. Мынадай, осылай. Жарықтық Шөңгілтай қажының бауырсақ шайнасы б ы л а й ғой деп аузына бауырсақ сап, балаңдата шайнағанда, біздің шай ішуге шамамыз келмейді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Әңгіме б ы л а й, жігіттер деп прапорщик үзеңгіге шіреніп, ер үстінде көтеріле түсті (Х.Есенжанов, Тар кезең). Себебі, сендер, міне, б ы л а й с ы ң д а р. Такаппар сұлулықты сақтайсыңдар. Беттеріңнен жосқанда лай сулар; Тәкаппар сұлулықты сақтау үшін, Тәкаппар қорлықтарға шыдайсыңдар; Күннен жылу, желден тіл сұрайсыңдар (М.Мақатаев, Жырлайды жүрек). 5. Әншейін, жай. Б ы л а й сырт қараған адамға түр-сипатым жақсы өсер қалдыратындай, әсіресе, қызкеліншектер көз қиығын тастамай өтпейді (З.Шашкин, Өмір.). Енді әдейі бі деп келген екенсіз, ертеңдер тағы бір соғыңыз. Бір таныс жігіт бар еді, б ы л а й жөнін тауып дұрыстап сөйлессе, көніп қалар (М.Дүйсенов, Мейман.). 6. Кейін, бері, бастап. Сол күннен б ы л а й достар бірге жүрді, Бір күліп, бірге жатып, бірге тұрды (Қ.Жұмалиев, Қырда.). Осы күннен бастап, б ы л а й қарай Жараспай болыс пен Бақтығұлдың арасында ұзақ шаққа созылған іліктестік басталды (М.Әуезов, Қараш.). Жөнелдім жауды қуып сонан б ы л а й, Ел қалды жаяу-жалпы, шулай-шулай (И.Байзақов, Құралай.). 7. Оңай, жеңіл-желпі. Құмырсқадай қалың ел, Ат сауырына таңылған Алтынды бөліп алады. Алтынды б ы л а й олжалап, Мөнікерге ауыз салады. Мәнікер ашып ауызын, Жауға қарсы шабады. Быт-шыт болып ел қашып Айнала келіп қамады (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).