Қалай болғанмен, әшейінде, онсыз да. Менікі Жәй әншейін, б ы л а й д а реті келгелі тұрған істің ырың-жырыңсыз шешіле қалуын тілегендік еді (С.Мұқанов, Есею жыл.). Жанқия апай қабағын түйе, жалқы көзінің астымен қарап, басын шайқады. Б ы л а й д а мұңды баланы жәбірлемес болар (Ә.Сәрсенбаев, Толқын.). Тау б ы л а й д а қол ұсыным жақын көрінгенімен, қашан жеткеніңше бөктердегі қыр-адырларын орағыта бір төмен құлдырап, бір жоғары өрлеп, талай жүресің (Б.Аманшин, Жар мұңы).